Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыда жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Алматыда жоспарлы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Сейсможаттығу күні қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады

QazMonitor Logo
Hakan Kayahan/ pexels
Hakan Kayahan/ pexels

2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де сиреналар қосылады: Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды QazMonitor қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.

Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.

Әкімдік, егер жер сілкінісі орын алса дүрбелеңге берілмеу туралы ескертті. Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады

Олар туралы толық ақпарат 2GIS картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.