Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада ерекше балаларға жаңа қолдау моделі енгізіледі

Астанада ерекше балаларға жаңа қолдау моделі енгізіледі

Пилоттық жоба аясында үйде қызмет көрсету мен оңалту орталықтарының жұмысы біріктіріледі

QazMonitor Logo
Ksenia Chernaya/Pexels
Ksenia Chernaya/Pexels

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртуға бағытталған бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды QazMonitor.

Құжат аясында елордада пилоттық режимде «аралас модель» енгізу жоспарланып отыр. Жаңа тәсіл балалардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген икемді қызмет көрсету форматын қалыптастыруға бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қолдау тетіктерін барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету. Бұған дейін ата-аналар көбіне үй жағдайында әлеуметтік қызмет алу мен мамандандырылған орталықтарға барудың бірін таңдауға мәжбүр болса, енді бұл екі формат өзара біріктіріледі.

Жаңа модель аясында мамандар баламен үй жағдайында жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар отбасыларға оңалту кабинеттері мен арнайы орталықтарға бару мүмкіндігі беріледі. Онда балалар логопед, психолог, дефектолог секілді мамандардан көмек алып, құрдастарымен араласып, қажетті оңалту шараларынан өте алады.

Мұндай тәсіл баланың өзіне таныс отбасылық ортада тәрбиеленуін қамтамасыз ете отырып, кәсіби ортадағы заманауи құрал-жабдықтар мен оңалту әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыруға лицензиясы бар үкіметтік емес сектор ұйымдарын белсенді тарту көзделіп отыр. Бұл ата-аналарға қызмет көрсететін ұйымдар мен білікті мамандарды өз таңдауы бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру Астана қаласының әкімдігіне жүктеледі. Әкімдік жобаға қатысатын орталықтардың тізбесін айқындап, қаржыландыруды жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етеді.

Елордада жинақталатын тәжірибе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге, штаттық нормативтерді жаңартуға және бүкіл ел бойынша тариф қалыптастырудың жаңа әрі әділ тәсілдерін енгізуге негіз болады деп күтілуде.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.