Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесіне өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесіне өзгерістер енгізіледі

Үкімет жақын арада қаулыға түзету енгізеді, деді президент

QazMonitor Logo
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз», деді президент Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс екенін атап өтті.

«Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз», деп қосты Тоқаев.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.