Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді: Былтыр Қазақстан бюджеті қалай игерілді?

Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді: Былтыр Қазақстан бюджеті қалай игерілді?

Былтыр елде 198 мектеп пен 655 медициналық нысан пайдалануға берілген

QazMonitor Logo
сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды
сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды

Қазақстан Үкіметі 2025 жылы мемлекет алдындағы барлық әлеуметтик мінтемдетелерін толық орындады. Өткен жылы әлеуметтік саланы дамытуға 9,3 трлн теңге, ал өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталды, деп хабарлайды QazMonitor Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев республикалық бюджеттің атқарылуы және елдің әлеуметтик-экономикалық даму қорытындылары туралы берген есебіне сәйкес, бюджет қаражаты білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салуға, тұрғын үй мен инженерлик инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ өңірлердегі көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға жұмсалған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикисы 6,5%-ға өсті. Орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетсе, жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталды. Сонымен қатар Ұлттық қор активтері 73,8 млрд долларов дейін ұлғайған.

Республикалық бюджет  кірістері бір жыл ішінде 17,5% - ға артып, 15,3 трлн теңгені құрады. Бұған экономикалық белсенділіктің күшеюі, корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы түсімдерінің өсуі, сондай-ақ салықтық әкімшілендірудің жақсаруы әсер еткен.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында ұлттық жобалар бойынша 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, студенттерге арналған 10 мыңнан астам орындық 30 жатақхана пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы да қарқынды жалғасты. Өткен жылы ел бойынша 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, халықтың әлеуметтик осал топтарына арналған 5 141 баспана сатып алынды.

Инженерлик және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға да қомақты қаражат бөлінді. Нәтижесінде 6,3 мың шақырым су құбыры және су бұру желілері салынып, жөнделді. Сонымен қатар 980 шақырым инженерлик-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

Көлик саласында жол жөндеу жұмыстарымен 13 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары қамтылды. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар 62 теміржол және 26 әуе бағытына мемлекеттік қолдау көрсету жалғасты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.