Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Ресейден Қазақстанға төрт Амур жолбарысы әкелінген болатын

QazMonitor Logo
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға орын алды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.

Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері және жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасына қатысып жүрген сарапшылар қатысты.

Еске салсақ, Ресейден Қазақстанға төрт амур жолбарысы әкелінген болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.