Қазақстанда қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған», - деді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.
Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Босатылғаннан кейін олар әкімшілік қадағалауда болады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылды. Сонымен қатар 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.