Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов қаулыға қол қойды.
Жұмыс істеп тұрған кешен 1966 жылы пайдалануға берілген, жабдықтың тозуы 90%-ға жетті.
«Қазіргі уақытта нысанда ұзындығы 4 шақырым инженерлік желілер (кәріз, жылумен жабдықтау, жарықтандыру) тартылып, трансформаторлық қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары салынды. Сүзілген және ауыз суға арналған 4 резервуар реконструкцияланды және пайдалануға берілді, сорғы жабдығы жаңартылды», делінген Үкімет ақпаратында.
Бөлінген қаржыға нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі сапалы ауыз суға қолжетімділік бойынша көрсеткіш қалаларда – 99,4%, ауылдық елді мекендерде – 98%-ды құрайды.
Дереккөз: Үкімет