Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан 4 млн тонна мұнайдан айырылды ма? – Энергетика министрлігі жауап берді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 10:41
2 минут - оқу уақыты

Қазақстан 4 млн тонна мұнайдан айырылды ма? – Энергетика министрлігі жауап берді

Министрлік мұнай тасымалының қазіргі жағдайы туралы айтып, баламалы логистика туралы түсініктеме берді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан КҚК терминалындағы оқыс оқиға салдарынан «4 млн тонна мұнайдан айырылды» деген ақпаратты жоққа шығарды және бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындағанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, КҚК мұнай құбырының Қазақстан бөлігінің жобалық өткізу қабілеті, яғни жүйенің техникалық шегі – 72 млн тонна. 2025 жылы жоспарланған тасымал – 57 млн тонна, ал 11 айдың деректерін есептегенде шамамен 68 млн тоннаға жеткен, яғни жоспардың 119,3 % құрайды.

«Осылайша, 4 млн тонна айырмашылық – бұл құбырдың бос мүмкіндігі, яғни мұнай жоғалған жоқ. Теңіз терминалдағы оқиға жылдық жоспарға критикалық кері әсер етпеді. Оқыс оқиғаның өндірістік процестерге нақты әсеріне келетін болсақ, шамамен 480 мың тонна мұнай өндіру уақытша қысқартылды. Бұл – жөндеу кезінде қоймалар толып қалмауы үшін қолданылған технологиялық тұрғыдан қажетті шара», делінген министрліңтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомтсво аталған көлем қайтарымсыз жоғалтылған деп қарастырылмайды және терминал штаттық режимде жұмысын қайта бастағаннан кейін қосымша жүктеме арқылы толықтай өтелетінін атап өтті.

«Қазіргі сәтте түзетулердің бюджетке әсерін бағалау ерте, өйткені мұнай компаниялардың активінде сақталып тұр және логистика қалпына келгеннен кейін сатылымға шығарылады», деп қосты ақпаратта.

Қазіргі таңда мұнай тиеу жұмыстары терминалда жұмыс істеп тұрған ВПУ-1 (айлақ құрылғысы) құрылғысы арқылы жалғасып жатыр. ВПУ-3-тегі шлангтарды ауыстыру жұмыстарын 15 желтоқсанда ақтау жоспарланған. Құрылғыны іске қосу толық өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, деді министрлікте.

«Шектеулерді азайту мақсатында министрлік ірі операторлармен бірлесіп мұнайды әртүрлі бағыттар арқылы тасымалдау шараларын дер кезінде қабылдады. КҚК – Қазақстанның негізгі экспорттық жолы, оған толыққанды балама жоқ. Соған қарамастан, барлық қосымша маршруттар пайдаланылды», делінген ақпаратта.

Атап айтқанда, Қашаған кен орнынан өндірілген мұнайды қоса алғанда бірқатар көлемдер техникалық қажеттілік пен акционерлер арасындағы коммерциялық келісімдерге сәйкес «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы шұғыл түрде Қытай Халық Республикасына бағытталды.

Сондай-ақ, «Атырау-Самара» жүйесі арқылы тасымалдау көлемі де арттырылып, теміржол көлігінің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау жұмыстары шектеусіз, штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Сонымен қатар министрлік ірі жобаларға қатысушы операторлардың (ТКО, NCOC, ҚКО) операциялық қызметіне ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті. «Жұмыс ағымдағы келісімдер аясында жүргізілуде, меншікті ауыстыру немесе акцияларды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілмейді. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында, экспорттық келісімшарттардың бұзылу қаупі жоқ», деді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.