Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Болашақ стандартына сай қала
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қазан, 2025 | 15:59
1 минут - оқу уақыты

Болашақ стандартына сай қала

Alatau City тұрақты дамудың үлгісіне айналады

QazMonitor Logo
Фото: alatau.city

Алатау Сити жаңа қаласы «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» ISO 37120 халықаралық стандартына сай дамытылады. Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәлімдеуінше, қалалық ортаның сапасы экология мен көліктен бастап, цифрлық сервистер мен әлеуметтік қызметтерге дейінгі объективті көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Бұған дейін 2024 жылы Астана осы стандарт бойынша сертификатталып, Орталық Азиядағы алғашқы қала атанған болатын.

2025 жылдың қазанында Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) бас хатшысы Серхио Мухика Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Ол Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Кездесу барысында жасанды интеллект бойынша ұлттық сынақ-эталон орталығын құру туралы айтылды. Оның құрамында AI Standards Hub атты зертхана мен сертификаттау орталығы жұмыс істейді. ISO-ның жасанды интеллект, блокчейн және цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан осы бағытта 18 стандартты бекітіп, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық алаңына айналуға дайын. Күн тәртібінде экология мәселелері де қарастырылды», - делінген Техникалық реттеу және метрология комитетінің хабарламасында.

Кездесу барысында Қазақстан ISO ұйымының Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша аймақтық хабына айналғаны айтылды. Биыл күзде Қазақстан өкілі Қанат Тоқушев алғаш рет ISO өңірлік офицері болып тағайындалып, өңір елдерімен өзара әрекетті үйлестіреді.

Серхио Мухика Қазақстанды ISO-ның аймақтағы маңызды серіктесі ретінде атап өтіп, оның тұрақты даму мен цифрландыру саласындағы тәжірибесі Орталық Азияның өзге елдеріне үлгі екенін жеткізді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.