2025 жылдың 9 айында қатты пайдалы қазбалардың бес жаңа кен орны мемлекеттік есепке алынды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл еліміз ресурстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Ведомство атап өткендей, жер қойнауын тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқыр. Геологиялық барлау алтын қорын 97,8 тоннаға, күмісті - 11,9 тоннаға, ал мыс қорын 36,4 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді.
«Бұл жұмыс осы саланың инвестициялық тартымдылығы артуының арқасында мүмкін болды. 2025 жылы 41 жаңа нысанға геологиялық зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді», - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ салада ашықтықты арттыру мақсатында Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Бұл- барлау және өндіру құқықтарын алу процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе. Онда әлеуетті инвесторлар үшін қолжетімді 66 мыңнан астам геологиялық есеп жарияланып үлгерді.