Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортын ала алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қазан, 2025 | 15:55
1 минут - оқу уақыты

Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортын ала алады

E-Densaulyq экожүйесі 17 ақпараттық жүйені біріктіруге мүмкіндік береді

QazMonitor Logo

Қазақстанда Бірыңғай медициналық деректер қоймасының негізінде E-Densaulyq атты экожүйе құрылып жатыр. Меншік түріне қарамастан барлық медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілуі азаматтарға электрондық денсаулық паспортына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігінен атап өткендей, «деректер пациент иелігінде» қағидаты медицинаны ашық әрі басқаруға ыңғайлы етеді.

E-Densaulyq 17 ақпараттық жүйені біріктіретін болады.

Экожүйенің негізгі құрамы:

халықns тіркеу тізілімі,
денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесі (кадрлар, жабдықтар, лицензиялар есебі),
дәрі-дәрмекпен қамту жүйесі
медициналық көмекті төлеудің бірыңғай жүйесі.

Еске салайық, 2024 жылдан бастап пациентті сәйкестендіруге арналған Face ID технологиясы енгізілді. Қазіргі кезде азаматтардың 57%-ы тіркеуден цифрлық сервистер: Face ID, «Цифрлық құжат» және пациент коды арқылы өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.