Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада үлескерлердің «үшінші толқынына» жол берілмейді – Жеңіс Қасымбек

Астанада үлескерлердің «үшінші толқынына» жол берілмейді – Жеңіс Қасымбек

Әкім жаңа құрылыс кодексі Астанада үлескерлер мәселесін шешеді деп есептейді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Елорда әкімдігі жауапсыз құрылыс компанияларымен күресті жаңа деңгейге шығарды. Енді тек «портфелі мен мөрі ғана бар» компанияларға пәтер сатуға тыйым салынып, талаптар қатаңдатылады. Бұл шаралар алдағы уақытта жаңа проблемалы нысандардың пайда болуын болдырмауға және азаматтардың жинағын қорғауға бағытталған.

Бүгінгі таңда Астанада 300-ден 400-ге дейін тұрғын үй кешені салынып жатыр. Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, нарықтағы басты қауіп ірі холдингтерден емес, жауапкершілігі шектеулі шағын компаниялардан келіп отыр. Оның сөзінше, 16 000 адамды қамтыған үлескерлердің екінші толқынында бірде-бір ірі құрылыс компаниясы болмаған. Барлық проблемалар тиісті дайындығы мен капиталы жоқ ұсақ ұйымдардың салдарынан туындаған.

«Адамдар ақшасын төлеп, ондаған жылдар бойы күткен, тіпті кейбір жағдайда күтіп жете алмаған барлық проблемалы нысандар - осы шағын компанияларға тиесілі. Бұл компаниялар азаматтарымызға қолайсыздық пен қиындық тудырып отыр. Нәтижесінде мемлекет тұрғындардың жағдайын түсіне отырып, қадам жасауға және бұл мәселені бюджет есебінен немесе басқа да, демеушілік көмектермен шешуге мәжбүр болады. Негізінде бұл мүлдем дұрыс емес. Бұл — нақты үлескер мен құрылыс компаниясы арасындағы келісім, олардың өзара жауапкершілігі. Мысалы, сіз көлікті басқа біреуден сатып алып, ертең мемлекетке келіп: «Ол мені алдап кетті, көлігімді қайтарып бер» деп талап қоймайсыз ғой. Мұнда да жағдай сондай», деді Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондықтан ол мемлекет құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейтіп жатқанын айтты. Енді құрылысты бастау үшін компанияның банк кепілдігі немесе шотында жеткілікті қаражаты болуы тиіс. Бұл «ауадан ақша жасап», құрылысты тастап қашатындарға тосқауыл болмақ.

«Егер оның ештеңесі болмаса, қолында тек бір портфелі мен мөрі ғана болса, ол неге жоқ пәтерлерді сатып, ақша жинап, құрылысты бастап, сосын тастап қашып кетуі керек? Кейін оны шетелден қайтару керек болады. Мұның бәрі қылмыстық істермен аяқталады. Олар 5, 6, 7 жылға сотталып, түрмеде отырып шығады, ал үлескерлер әлі де күтумен болады, бізде мұндай мысалдар көп. Жыл басында бізде осындай 24 нысан болғанын айтқан едім. Қазір біз 5-6 күрделі нысанды бақылап отырмыз. Онда әлі аяқталмаған сот процестері жүріп жатыр. Сот шешім шығарып, ол нысандар немесе құрылысы басталған жер телімдері тұрғын үй құрылыс кооперативіне берілген бойда, біз әкімдік тарапынан оңалту немесе көмек көрсету тетіктерін бастай аламыз. Біз әрбір құрылыс компаниясын осы тұрғыдан тексереміз. Біз үлескерлердің екі толқынын бастан өткердік. Астанада қаласында үшінші толқынның болғанын қаламаймыз», деп қосты ол.

Бұған қоса әкім «талаптардың қатаңдатуы қаладағы баспана бағасының өсуіне әкелмей ме ?» деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, кейбір құрылыс компаниялары пәтердің шаршы метрін 150-200 мыңнан сатамыз деп алдаған.

«Бірақ жалпы алғанда, сапаға қойылатын талаптарды арттыру, құрылысшылардың жауапкершілігін күшейту баға теңгеріміне (балансына) әсер етуі мүмкін. Бірақ Астанада бір мезетте 10 млн м² жуық тұрғын үй салынып жатыр. Біз белгілі бір «шекке» жақындап қалғанымызды көріп отырмыз, сондықтан қалада бағаның күрт өсуін күтпейміз. Басталған тұрғын үйлер жаңа Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін пайда болуы мүмкін мәселелерді реттейді (нивелирлейді) деп есептейміз», деді ол.

Сонымен қатар бұл өзгерістер жосықсыз салушылармен күресу үшін енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Бұл үлескерлердің жаңа проблемалы толқындарының пайда болуына нүкте қояды деп үміттенемін. Біз бәріміз бір мемлекетте, бір қалада тұрамыз, әрине, біз ешкімді далада қалдыра алмаймыз. Бірақ мен мұны екі жыл бойы барлық жерде айтып келемін: бюджеттен құрылысты аяқтауға енді ақша бөлінбейді. Біз процесті жылдамдатуға көмектесеміз, полициядан істі жеделдетуді, прокуратурадан қолдау көрсетуді сұраймыз, осы құрылыс салушылармен жұмыс істейміз, олардың активтерін іздеп, тәркілеп, ақшаны қайтартуға мәжбүрлейміз. Сонымен қатар, ең күрделі сәттерді ескере отырып, қолдау көрсете алатын компанияларды іздестіреміз», деді Жеңіс Қасымбек.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.