Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ұлттық Банк жалған құжаттар арқылы жасалатын алаяқтықтан сақтануға шақырды

Ұлттық Банк жалған құжаттар арқылы жасалатын алаяқтықтан сақтануға шақырды

Қаскөйлер өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, мессенджерлер арқылы алдайды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Ұлттық Банкі жалған қызметтік куәліктер мен «ресми бланкілерді» пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық деректерінің көбейгенін ескертті. Теріс пиғылды тұлғалар азаматтарға WhatsApp пен Telegram арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық Банк немесе басқа мемлекеттік органдардың өкілі ретінде таныстырады.

Алаяқтар сенімге кіру үшін мессенджерлерде мемлекеттік мекемелердің логотиптері мен суреттерін қолданып, жалған құжаттар, мөрлер мен қолтаңбалар қойылған анықтамалар жібереді. Психологиялық қысым көрсету арқылы олар белгісіз біреулердің атынан кредит рәсімделіп жатқанын айтып, мәселені «шұғыл шешуді» ұсынады.

Сонымен қатар қаскөйлер «алаяқтықтың алдын алу» немесе «ескі қарыздарды жабуға көмектесу» сылтауымен азаматтарды микрокредит алуға итермелейді. Бұл үшін мемлекеттік порталдар мен банктерден келетін СМС-кодтарды сұратады.

Ұлттық Банктің мәліметінше, кейбір жағдайларда алаяқтар жалған хаттар жолдап, шетелдік құжаттарға байланысты ақша аударымы уақытша тоқтатылғанын айтып, «ресми аударма үшін» төлем жасауды талап етеді.

Осыған байланысты Ұлттық Банк азаматтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға жеке деректер мен СМС-кодтарды бермеуге, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шотына ақша аудармауға шақырды. Ведомство қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, жеке шоттарға қызмет көрсетпейтінін және инвестициялық өнімдер ұсынбайтынын еске салды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.