Қазақстанның Қаржы министрлігі жекеменшік мектептерді қолдауға бөлінген қаражаттың басым бөлігі аударылғанын хабарлады. Жыл соңына дейін жоспарланған төлемдердің 73,8 млрд теңгесі иелеріне жетіп, саладағы қаржылық түйткілдер шешімін тапты.
Ведомство мәліметінше, биылғы оқу маусымының басында жинақталған қарыздар толығымен жабылып, мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылды.
Қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қараша айында OrtaBilim цифрлы сервисі іске қосылды. Бұл жүйе бұған дейін анықталған заң бұзушылықтардан кейін - атап айтқанда, мұғалімдер арасындағы «өлі жандарды», бір оқушының бірнеше мектепте тіркелуін және талапқа сай келмейтін ғимараттарда оқу процесін өткізу жағдайларын әшкерелеген аудиттерден кейін енгізілді.
OrtaBilim сервисінің 30 желтоқсандағы деректеріне сүйенсек, мемлекеттік инвестицияларды игеру жағынан өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық бар: Мәселен Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік инвестицияларды игеру жағынан көш бастап тұр (4 жергілікті жекеменшік мектептің шоттарына шамамен 0,5 млрд теңге аударылды). Екінші орыннан Ақмола облысы көрінді – 0,3 млрд теңге (6 мектеп), үшінші орынды Қарағанды облысы тәмамдап тұр – 0,7 млрд теңге (15 мектеп).
Ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді: мұндағы 39 жекеменшік мектептің тек екеуі ғана биыл қаржыландыралады. Барлық статистикалық мәліметтер мен өтінімдер барысы OrtaBilim сайтында ашық жарияланған.
Айта кетейік, OrtaBilim сервисін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ақпараттық-есептеу орталығы» (АЕО) АҚ әзірледі. Бұл отандық IT компания мемлекеттік қатысумен жұмыс істейтіндіктен, деректердің қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Орталықтың барлық платформалары деректерді қорғау бойынша тұрақты түрде аттестаттаудан өтіп тұрады.
Жобаның негізгі мақсаты - бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы жекеменшік секторды қолдау және білім сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау.