Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ұлттық банк шот ашу ережесін өзгертті: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін не өзгереді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 05 қаңтар, 2026 | 16:45
1 мин. - оқу уақыты

Ұлттық банк шот ашу ережесін өзгертті: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін не өзгереді

Жаңадан шот ашқысы келетін қазақстандықтарға бірқатар талап қойылады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан Ұлттық банкі банктік шоттарды жүргізу және қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау қағидаларына түзетулер енгізді. Жаңа ережелер қаржылық мониторингті күшейтуге және арнайы салық режимін қолданушылар үшін процедураларды оңайлатуға бағытталған.

Ұлттық банк Басқармасының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысы Әділет министрлігінде тіркелді, 10 күннен соң заңды күшіне енеді.

Қаулыдағы басты өзгерістерді үш негізгі бағытта қарауға болады. Атап айтқанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке шот мәртебесі.

Енді арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын жеке тұлғалар (фрилансерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) кәсіпкерлік қызмет үшін арнайы ағымдағы шот аша алады. Мұндай шотты ашу үшін жеке басын куәландыратын құжат пен Салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнайы салық режимін қолданатыны туралы өтініш беру жеткілікті.

Бұл жеке қаражат пен кәсіпкерлік табыстың аражігін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәдімгі жеке тұлғалар шот ашқанда ол шотты кәсіпкерлік немесе нотариалдық қызмет үшін пайдаланбайтыны туралы ресми растау беруі тиіс.

Қаулының ең маңызды жаңалығы - ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысты болмақ. Гранттық қаржыландыру енді эскроу-шот режимінде жүзеге асырылады. Яғни грант алушының шотынан ақша тек контрагентпен жасалған нақты шарт негізінде ғана аударылады. Бұл мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететін қосымша кепілдік құралы.

Сонымен қатар Қаулы бюджеттік мекемелер үшін Қаржы министрлігінің рұқсат беру рәсімдерін жаңартты. 2025 жылғы маусымдағы жаңа бұйрықтарға сәйкес, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне сілтемелер ретке келтірілді. Бұл мемлекеттік сектордағы төлемдердің жылдамдығы мен заңдылығын арттырмақ.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.