Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Балалар лагерьлеріне жаңа тәртіп енгізіледі

Балалар лагерьлеріне жаңа тәртіп енгізіледі

Қосымша білім беру ұйымдары 2026 жылдан бастап лицензиямен жұмыс істейді

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Құжат балаларға арналған қосымша білім беруді дамытуға және жыл бойы әрі маусымдық жұмыс істейтін стационарлық балалар сауықтыру лагерлерінің қызметін реттеуге бағытталған, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

2026 жылдан бастап қосымша білім беру ұйымдары екі санатқа бөлінеді. Біріншісі – білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін және лицензиялауға жататын ұйымдар. Екіншісі – хабарламалық тәртіппен жұмыс істейтін қосымша білім беру ұйымдары. Бұл тәсіл саланы реттеуді жеңілдетіп, қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалар лагерлерінің қызметі міндетті түрде лицензияланатын болады. Осы арқылы демалыс, оқу және сауықтыруға қойылатын бірыңғай талаптар енгізіледі.

Сондай-ақ лицензияның қолданылу мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Бұл ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта қосымша білім беру саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.