Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жоғары сапалы тұқым өндірісі артып келеді

Қазақстанда жоғары сапалы тұқым өндірісі артып келеді

2025 жылы «Қазақ Тұқым» және «Оңтүстік» консорциумы 60 мың тоннадан астам сапалы тұқымды нарыққа ұсынды

QazMonitor Logo
Freepik
Freepik

Өткен жылы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының егіс алқаптарының жалпы көлемі шамамен 106 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдарына 70 мың гектарға жуық жер бөлінсе, майлы дақылдар 20 мың гектарды, ал мал азықтық дақылдар 17 мың гектарды қамтыды. Ғылыми мақсаттағы егіс алқаптарының көлемі де артқан. Бұл туралы QazMonitor-ға ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық тұқым өндірісін күшейту нәтижесінде қазақстандық селекция сорттарының егіс алқаптары 11 мың гектардан астамға ұлғайып, өндірілген өнім көлемі 9 мың тоннаға өсті.

Қазіргі таңда еншілес ұйымдар еліміздің әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарына бейімделген отандық селекцияның 236 бәсекеге қабілетті сорттарын ұсынып отыр. Олардың қатарында суперэлиталық, элиталық және жоғары репродукциялы тұқымдар бар.

Сарапшылардың айтуынша, тұқым шаруашылығының дамуы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі. Сапалы тұқым өнімділікті арттырып қана қоймай, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік бермек.

Осы мақсатта орталық кезең-кезеңімен агротехнологиялық хабқа айналуда. Жаңа формат ғылым, білім, өндіріс пен бизнесті бір арнаға тоғыстырып, заманауи кадрлар даярлайтын, қолданбалы әзірлемелерді жүзеге асыратын және озық агротехнологияларды енгізетін орталық болуды көздейді.

Айта кетейік, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамына 33 еншілес ұйым кіреді. Олардың қатарында 3 аграрлық жоғары оқу орны, 12 ғылыми-зерттеу институты және 16 ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы бар.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.