Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. БҚО мен KAZAKH INVEST инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтпек

БҚО мен KAZAKH INVEST инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтпек

Өңірде инфрақұрылымды дамытуға арналған жаңа механизм ұсынылды

QazMonitor Logo
БҚО әкімдігі
БҚО әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев  пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың қатысуымен шетелдік инвесторларды қолдау және тарту бағытындағы бірлескен жұмыс мәселелері қаралды, деп хабарлады QazMonitor-ға БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуге ірі инвесторлардың бірі – Vega Power компаниясының басшысы да қатысты.

Былтыр облыс делегациясы ҚХР-ға екі рет іссапармен барып, энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы 19 жобаны іске асыру бойынша 11 шетелдік инвестормен меморандумдарға қол қойған. 

Инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында өңірде инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің жаңа тетігі – индустриялық аймақтарда енгізілетін «Қолжетімділік үшін төлем» механизмі ұсынылды. Бұл тәсіл инженерлік инфрақұрылымды инвестор есебінен салып, кейін шығындарды мемлекет пен индустриялық аймақ қатысушылары тарапынан кезең-кезеңімен өтеуді көздейді.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ Vega Power холдингінің инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.