Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 40 млрд теңгенің екі есірткі зертханасы анықталды

40 млрд теңгенің екі есірткі зертханасы анықталды

Дайын мефедронның ықтимал көлемі 2 тоннаға дейін жетуі мүмкін

QazMonitor Logo
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Қарағанды облысында мефедрон өндірумен айналысқан ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, қылмыстық топтың екі мүшесін ұсталды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.

Операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық ҰҚК департаменті және прокуратурамен бірлесіп жүргізді.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 48 жастағы күдікті қылмыстық топтың ұйымдастырушылық мәселелеріне жауап берген. Ол жаңа қатысушыларды тартып, олардың әрекетін үйлестіріп отырған. Ал 28 жастағы күдікті зертхананың жұмысын тікелей ұйымдастырып, жаңа қатысушыларды есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындау тәсілдеріне үйреткен.

Зертхана аумағында жүргізілген тінту барысында көлемі 50 тонна болатын өнеркәсіптік цистерна анықталды. Оның ішінде шамамен 16 тонна пайдаланылған өнім мен сұйықтық болған.

Сонымен қатар көлемі бір тоннадан болатын екі ыдыс, 20 литрлік үш канистр және ұнтақ тәрізді заттардың қалдықтары бар 10 полимер қап тәркіленді. Ыдыстардың ішінен өткір химиялық иісі бар заттардың қалдықтары табылған.

– Өнеркәсіптік цистернадан зерттеу үшін 10 литр сынама алынды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, ұсынылған үлгіден мефедрон анықталды. Зерттелген сынамадағы есірткі затының салмағы 1 келі 723 грамды құрады, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Мамандардың алдын ала есептеуіне сәйкес, анықталған заттың көлемі мен зерттеу нәтижелерін ескере отырып, дайын мефедронның ықтимал көлемі 2 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Бұл шамамен 2 миллион бір реттік доза. Оның заңсыз нарықтағы алдын ала құны 40 миллиард теңгеге дейін бағаланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.