Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанға суық антициклон келе жатыр

Қазақстанға суық антициклон келе жатыр

Алдағы күндері ел аумағында -38°C дейін суытады

QazMonitor Logo
Pexels / Kristine Bruzite
Pexels / Kristine Bruzite

Биылғы қыс маусымы қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантып келді. Алайда қыстың аты – қыс:  алдағы күндері ол өз күшіне мінбек. Себебі, Жаңа Жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон қозғалып келеді, деп хабарлады QazMonitor-ға Қазгидромет.

Еліміздің үстімен жылдам қозғалып өтетін антициклон алдымен солтүстікте, кейін елдің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін әкеледі. 14 қаңтарда солтүстік өңірлерде, ал 15 қаңтарда шығыс аймақтарда түнгі температура –30…–38°C дейін жетеді деп болжануда.

Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам өтуі желдің күшеюіне де әсер етеді. Елдің солтүстік бөлігіндегі кейбір аумақтарда желдің екпіні сағатына 28 м/с дейін жетуі мүмкін.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.