Қазақстанда AI Talent Genome отандық платформасы іске қосылды. Ол жасанды интеллект арқылы жұмыс берушілерге кандидаттардың мінез-құлқы мен эмоциясын терең талдап береді.
Бұл жоба Қазақстанда қызметкердің кәсіби және тұлғалық ерекшеліктерін алдын ала анықтап, нақты командаға сәйкес келетінін көрсететін алғашқы платформа болып отыр.
Бұрын жоба негізін қалаушы Вильсур Гарифовтың айтуынша, платформа идеясы практикалық тәжірибеден туындаған. Ол Outsourcing Call Center компаниясын басқарған кезде қызметкердің өмірлік циклінің тікелей іріктеу сапасына байланысты екенін байқаған.
«Кандидатты іріктеу кезеңінде оны қаншалықты терең түсінсек, ол компанияда соғұрлым ұзақ жұмыс істейді және команда үшін нәтиже соғұрлым жоғары болады», деді Гарифов.
Дәстүрлі рекрутментте көбінесе түйіндеме мен техникалық дағдылар бағаланады. AI Talent Genome адамның қабілеттерін ғана емес, шешім қабылдауы, әртүрлі жағдайларда әрекет етуі, командалық немесе жеке жауапкершілікке бейімділігі де зерттейді.
Жұмыс детальді брифтен басталады: болашақ қызметкердің толық портреті HR, компания негізін қалаушы және бөлім басшысымен жүргізілген сұхбат негізінде жасалады.
Содан кейін платформа: бос жұмыс орындарын жариялап, нақты рекрутермен алғашқы сұхбат өткізеді. Сұхбат жазбасын AI-модель арқылы талдап, кандидаттың сөзін, мінез-құлық паттерндерін және мимикасын зерттейді.
Жасанды интеллект шатасу, сенімсіздік сияқты күрделі эмоцияларды анықтайды, бұл кандидаттың әлсіз жақтарын көрсетуі мүмкін. Нәтижесінде қызметкердің толық, объективті бейнесі жасалады. Жұмыс беруші нақты рөлге барынша дайын кандидаттардан тұратын shortlist алады.
Қазір платформа MVP кезеңінде болса да, Қарағанды мен Астанада KZ Transit, WooPPay, Unicore сынды алғашқы клиенттері бар.
«Біз өндірістік жабдықтың қосалқы бөлшектерін, оның ішінде 3D басып шығару арқылы шығарамыз. Бағыт жаңа, нарықта мамандар аз болды. AI Talent Genome қажетті компетенцияларды анықтап, бізге мінсіз сәйкес кандидатты таңдауға көмектесті. Ол әлі күнге дейін бізбен жұмыс істейді, компания мен қызметкер арасында керемет синергия орнады», деді «KZ Transit» компаниясының директоры Данил Ращупкин.
Сонымен қатар АI Talent Genome командасы HR мамандарына арналған жеке платформаны іске қосуға дайындалуда, ол мінез-құлық және эмоциялық сараптама құралдарын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ психология саласында тестілік шығу жоспарланған: клиент консультацияларының жазбаларын талдау арқылы дұрыс интерпретация жасау маңызды. Болашақта өздерінің AI-сұхбатшысын іске қосу және АҚШ нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: Қарағанды облысы әкімдігі