Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Польшада өткен халықаралық жарыста 12,5 шақырымда үздік үштікке енді

QazMonitor Logo
ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Пара биатлоннан өткен Әлем кубогында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов қола жүлдеге ие болды. Ол 12,5 шақырым қашықтықты 38 минут 21 секундта бағындырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Аталған дистанцияда бірінші орынды украиналық спортшы Тарас Рад (37:08) иеленсе, екінші орын АҚШ өкілі Пайк Ааронға (38:16) бұйырды.

Айта кетейік, пара биатлоннан Әлем кубогы Польшаның Якушице қаласында 22–25 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты.

Бұл бәсеке 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына рейтингтік жарыстардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде өтетін пара шаңғы жарысынан Әлем кубогында бақ сынайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.