Төртінші айналымда ол әлемдік рейтингте 21-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенсті екі сетте жеңді, деп хабарлайды QazMonitor.
Кездесу Рыбакинаның толық басымдығымен өтті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетте қарсыласына мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда есеп 2:2 болған сәтте Рыбакина брейк жасап, матчты тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:3.
Айта кетейік, бұл матч Рыбакина мен Мертенстің өзара сегізінші кездесуі болды. Бұған дейін өткен жеті ойынның алтауында қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кортқа шығады.