Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Рой Джонс астаналық жас спортшыларға шеберлік дәрісін өткізді
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 11:14
1 минут - оқу уақыты

Рой Джонс астаналық жас спортшыларға шеберлік дәрісін өткізді

56 жастағы боксшы рингте ашық жаттығу өткізді

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Әлемдік бокс жұлдызы, кәсіпқой бокста абсолютті әлем чемпионы Рой Джонс Астанада жас спортшыларға арналған шеберлік дәрісін өткізді.

56 жастағы Рой Джонс елордалық жасөспірімдерге жетістікке жету үшін еңбек пен табандылықтың маңызын түсіндірді. Ол әрбір спортшының жеке дайындық жоспарын құруы, техниканы жетілдіруі және ойын тактикасын меңгеруі қажет екенін айтты.

Сондай-ақ спортпен айналысқан адам бос уақытын тиімді пайдаланып, зиянды әдеттерден аулақ жүруі керек екенін атап өтті. Бокстағы тәжірибесін бөліскен Рой Джонс өзінің карьерасында есте қалған сәттері, спорттағы қиындықтар мен жеңістер туралы айтты.

«Менің бокс карьерам 1974 жылы басталды. Әкем де көптеген боксшыны жаттықтыратын. Бір күні оның бөлмесінде Мұхаммед Әлидің жекпе-жегін көріп, бокс тек күшпен ұру емес, ақыл мен стратегияға негізделген өнер екенін түсіндім. Сол сәттен бастап бокс менің өміріме айналды», – деді Джонс.

Спортшы тек кеңес беріп қоймай, рингте ашық жаттығу да өткізді. Ол қатысушыларға бокстың психологиялық және тактикалық қырларын көрсетті.

Айта кетейік, Рой Джонс карьерасын аяқтағаннан кейін де 2020 жылы әйгілі Майк Тайсонмен жұдырықтасып, көрерменге шоу тарту еткен болатын. Сонымен қатар ол киноға да түсіп, музыкалық шығармаларымен де танымал болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.