2 мамырда Жетісу облысында Сиверс алма ағашының гүлдеуіне арналған ауқымды фестиваль өтеді. Фестиваль ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, деп хабалайды QazMonitor.
Сиверс алмасы – қазіргі барлық мәдени алма сұрыптарының арғы тегі. Оның гүлдеу кезеңінде тау бөктерлері ақ-қызғылт реңктерге боялып, ерекше табиғи көрініс қалыптастырады. Бұл өз кезегінде экологиялық туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Фестиваль гүлдеген алма бақтарының панорамалық көріністері, пленэр форматындағы көркемсурет байқауы, хедлайнерлердің қатысуымен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, ұлттық спорт ойындары мен қолөнершілер жәрмеңкесі мен шеберлік сағаттары өтеді.