Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Алматы Euronews-тің Modern Nomads бағдарламасының жаңа шығарылымында көрсетілді

Алматы Euronews-тің Modern Nomads бағдарламасының жаңа шығарылымында көрсетілді

Халықаралық арна қала табиғаты, мәдениеті мен туристік әлеуетіне ерекше назар аударды

QazMonitor Logo
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әлемдегі ең ірі ақпараттық медиаресурстардың бірі – Euronews телеарнасының Modern Nomads халықаралық бағдарламасының жаңа шығарылымына арқау болды, деп хабарлайды QazMonitor.

Бағдарламаның жаңа шығарылымы Қазақстанның ең ірі мегаполисі – Алматыға арналды. Шығарылымда қала табиғаты, қалалық мәдениеті мен белсенді өмір салты үйлескен заманауи туристік орталық ретінде таныстырылды. Бағдарлама Euronews телеарнасында эфирге шығып, арнаның цифрлық платформаларында да жарияланды.

Эпизод аясында көрермендер Алматының танымал туристік орындарымен танысты. Солардың бірі – Іле Алатауы баурайындағы әйгілі «Денсаулық баспалдағы». Алматы панорамасы мен тау көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін бұл бағыт қала тұрғындары мен туристер арасында кеңінен танымал. Бағдарлама авторлары 842 баспалдақтан тұратын маршруттың Алматының outdoor-мәдениетінің символына айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ шығарылымда Көктөбе, Көк базар, Алматы заманауи өнер музейі және қаланың рухын, гастрономиясы мен мәдени әралуандығын айқындайтын танымал арт-нысандар қамтылды. Авторлар шаһардың табиғи ландшафты, заманауи қалалық келбеті мен бай мәдени мұрасының үйлесіміне ерекше назар аударған.

Алматы туралы бағдарламаның Euronews платформасында жариялануы халықаралық медианың қалаға деген қызығушылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеп, Алматының туристік әлеуетін еуропалық аудитория арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.