Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстанның Өлі теңізі: Абай облысындағы Шипалы көлінде не өзгерді?

Қазақстанның Өлі теңізі: Абай облысындағы Шипалы көлінде не өзгерді?

Шипалы көлі Бесқарағай ауданыны орталығынан 85 шақырым жерде орналасқан

QazMonitor Logo
Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы Шипалы көліне барып, туристік аймақтың қазіргі жай-күйімен және демалушылар үшін жасалған жағдайлармен танысты, деп хабарлайды QazMonitor облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Шипалы көлі – Бесқарағай ауданыны орталығынан 85 шақырым жерде, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орналасқан көл бірнеше бір-біріне жақын жатқан тұзды көлдерден тұрады.

«Минералдарға бай суы мен емдік балшығының қасиетіне орай мамандар Израильдегі Өлі теңізбен салыстырып жатады. Шипалы көлінің суы жүйке жүйесі, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік, тері, буын және тамыр ауруларын емдеуде оң әсерін тигізеді», делінген ақпаратта.

Биыл демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында көл жағалауы абаттандырылды. Мұнда құмды жағажай, киім ауыстыру кабиналары, орындықтар, күннен қорғайтын шатырлар, волейбол алаңы, мангал аймағы ұйымдастырылған. Сондай-ақ, ағаш үйлер, үстелдері мен орындықтары бар күркелер, барбекю алаңдары және катамаранмен серуендеуге арналған мүмкіндіктер қарастырылған.

Шипалы көлі табиғи емдік қасиеттерімен ғана емес, қарағайлы орманмен көмкерілген ерекше табиғатымен де демалушыларды қызықтырады. Жағажай маусымында мұнда Абай облысының тұрғындарымен қатар, еліміздің басқа өңірлерінен және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан да туристер көптеп келеді.

Шипалы көлінде инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасуда. Қазіргі таңда ұзындығы 19,8 шақырым электр желісін тарту, сумен жабдықтау және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жұмысы басталды.

Сонымен қатар мұнда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы оқудан өткен 10 құтқарушы тәулік бойы жұмыс істейді. Құтқару бекетінде медициналық қызметкерлер мен полиция қызметкерлері де кезекшілік атқарады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.