Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Астанаға емделуге келген шетелдіктер орта есеппен 2-5 мың доллар жұмсайды
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 08 желтоқсан, 2025 | 12:37
2 минут - оқу уақыты

Астанаға емделуге келген шетелдіктер орта есеппен 2-5 мың доллар жұмсайды

Биыл астаналық «Экомед» клиникасына 102 шетелдік пациент жүгінген

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Астанаға емделуге келген шетелдік пациенттер үшін орташа емделу құны 2-5 мың АҚШ долларын құрайды. Бірқатар көрсеткіш бойынша бағалар Еуропа, Оңтүстік Корея немесе Түркия елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бірақ қызмет сапасы жоғары деңгейде болып отыр.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Астанада халықаралық JCI аккредитациясы бар 9 қазақстандық клиниканың 7-еуі орналасқан. елордадағы қызмет сапасы ТМД, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің пациенттері үшін тартымды.

«Шетелдік пациенттер үшін Астанада орташа емделу құны 2-5 мың АҚШ долларын құрайды, бұл оны өңірдегі ең бәсекеге қабілетті медициналық дестинациялардың біріне айналдырады», делінген әкімдік ақпаратында.

2024 жылы елордаға 4 500 медициналық турист келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Медициналық туризмнің дамуына қалаға тікелей рейстердің болуы және дамыған инфрақұрылым әсерін тигізін отырғанын атап өтті. Бүгінде аптасына 36 қалаға шамамен 250 халықаралық рейс орындалады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елордаға халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағыны 15%-ға өскен.

Сонымен қатар Астана жүрек-қан тамырлары медицинасының жетекші орталығына айналған. Мұнда аз инвазивті араласулар, стенттеу, шунттау және туа біткен ақауларды түзету сынды аса күрделі операциялардың барлық түрі жасалады.

«Елорданың басты жетістіктерінің бірі – ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) аппаратының жасалуы. Бұл құрылғы донорлық органдарды адам денесінен тыс 24 сағатқа дейін сақтауға және емдеуге мүмкіндік береді. Ол 36-37°C температурасын ұстап тұрады, оттегімен қамтамасыз етеді, қысым мен қанның газ құрамын бақылайды, диагностика жүргізуге және дәрі енгізуге мүмкіндік береді. Осылайша трансплантация уақытын едәуір ұзартып, асқыну қаупін азайтады», деп қосты әкімдікте.

Сондай-ақ биыл Медициналық орталық ауруханасында алғаш рет жүрекке роботтық операция жасалды. Ұлттық нейрохирургия орталығында Gamma Knife жүйесі орнатылған, ол ми ісіктері мен тамырлық патологияларды тіліксіз, жоғары дәлдікпен және минималды жарақатпен сәулемен емдеуге мүмкіндік береді. Қазақстан – бұл құралды енгізген Орталық Азиядағы алғашқы ел. Бүгінге дейін 2 000-нан астам радиохирургиялық процедура жасалды.

Бұған қоса, биылғы тоғыз айда «Экомед» клиникасының елордалық филиалына 102 шетелдік пациент жүгінген. Жүгінгендердің көбі Ресей, Қытай және Қырғызстаннан келген.

«Елорда клиникалары роботтандырылған хирургиялық жүйелерді, навигациялық технологияларды және аз инвазивті әдістерді енгізіп жатыр, олардың көмегімен операциялар жоғары дәлдікпен және тіндерді минималды зақымдай отырып жүргізіледі. Бұл пациенттердің тез қалпына келуіне, стационарда аз уақыт өткізуіне және белсенді өмірге ерте оралуына мүмкіндік береді. Шетелдік пациенттер үшін буын эндопротездеу, артроскопия, спорттық жарақаттарды емдеу және оңалту бағдарламалары ерекше қызығушылық тудырады», деді әкімдік.

Сонымен қатар стоматология және эстетикалық медицина медициналық туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының біріне айналған. Қызмет бағасы Еуропа мен Таяу Шығысқа қарағанда әлдеқайда төмен.

Astana Tourism клиникасы Astana Vision-мен бірлесіп жаңа турөнімді іске қосқан. Ол туристерге елордаға саяхатпен бірге көзді кәсіби диагностикалау және көруді түзету емін ұсынады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.