Көрменің басты мақсаты – отандық әрі халықаралық өнер кеңістігінде әртүрлі бағыт пен жанрда еңбек етіп жүрген, өзіндік қолтаңбасы бар, инновациялық идеяларымен ерекшеленетін, жоғары кәсіби деңгейдегі дарынды әрі креативті әйел суретшілердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, деп хабарлайды QazMonitor.
Көрмеге 150-ден астам шебер ханымдардың қолынан шыққан ұлттық қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, сәндік заттар мен түрлі кәдесыйлар қойылған. Әр туындыдан терең мағына, нәзік сезім мен махаббатты көруге болады.
Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Сайран Дүйсеновтің айтуынша, көрме екі ай бойы көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта да осындай мәдени-ағартушылық шаралар жалғасады.