Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қазақстандық «Тәубе» фильмі прокатқа шықты

Қазақстандық «Тәубе» фильмі прокатқа шықты

Фильм билік пен жұмысты отбасынан жоғары қойған адамның өкініші туралы баяндайды

QazMonitor Logo
Трейлерден кадр
Трейлерден кадр

Режиссер Асқар Жұмақаевтың «Тәубе» туындысы прокатқа шықты. Кинокартина мінезі ауыр кенші Азаматтың тағдырын суреттейді. Ол әйелі мен қызын жақсы көргеніне қарамастан, оларға қатыгездік көрсетіп, отбасымен арадағы жақындықты бұзады, деп хабарлайды QazMonitor.

«Тәубе» драмасының желісі

Азамат жұмыс істейтін шахтада апат болады. Қырыққа жуық адам жер астында қалып қояды. Азамат ойланбастан шахтаға түсіп, 33 кеншіні құтқарып қалады. Соңғы адамды алып шығу үшін төменде қалып қойған ол үйінді астында қалады. Оны бәрі қаза тапты деп есептейді.

Алайда Азамат өлмейді. Апаттан кейін ол басқа әлемде — Жеті Атаның сотында есін жияды. Оны қазіргі заман адамдары емес, қазақтың әділдігінің, заңы мен намысының сақшылары — оның жеті атасы соттайды.

Әр сотта оның күнәлары мен қателіктері — қатыгездігі, өтірігі, билікті асыра пайдалануы, нәпсіге еріп, жауапкершіліктен қашуы мен тәкаппарлығы қарастырылады. Аталарының әрқайсысы жай ғана үкім шығарып қоймай, Азаматты шындықты мойындауға мәжбүрлейді. Азамат бұл сынақтан өте ала ма — көрермен фильмнің соңында білетін болады.

Фильмге Еркебұлан Дайыров, Нұргүл Даубаева, Арелана Амангелдиева, Ерлан Қалмұрзин, Нұрбек Мұқышев, Біржан Чоппаев сынды актерлер қатысты. Түсірілім тобы: оператор Фархад Жазыбаев, композитор Абай Ақбаев және суретші: Бағдат Қожахметов.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.