Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Сенат креативті экономиканы дамыту туралы заңды мақұлдады: Кәсіпкерлерді не күтіп тұр

Сенат креативті экономиканы дамыту туралы заңды мақұлдады: Кәсіпкерлерді не күтіп тұр

Қазақстан креативті индустрияны дамытудың құқықтық негіздерін бекітпек

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Сенат креативті экономика субъектілерін қолдауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Құжат секторды дербес экономикалық бағыт ретінде тануды және оны мемлекеттік деңгейде жүйелеуді көздейді, деп хабарлайды QazMonitor.

Заң жобасы аясында «Мәдениет туралы», «Кинематография туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына түзетулер енгізіледі. Басты жаңалықтардың бірі — креативті индустрия субъектілерінің тізілімін құру.

«Атап айтқанда, креативті индустрия саласына қатысты бірқатар жаңа ұғымдар, анықтамалар нақтыланып, креативті индустрия субъектілерінің тізілімі енгізіледі. Сондай-ақ оларды онлайн форматта есепке алу тетігі көзделеді. Бұл саланың ашықтығын арттыруға, нақты статистикалық деректер қалыптастыруға және мемлекеттік қолдау шараларын жүйелі түрде жоспарлауға мүмкіндік береді», деді сенатор Айгүл Қапбарова.

Жаңа нормалар бойынша уәкілетті органға креативті секторға жеке инвестицияларды тарту процесін мониторингтеу құзыреті беріледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) өңірлік деңгейде креативті кәсіпкерлікті дамыту және таланттарды қолдау бойынша арнайы өкілеттіктер бекітіледі.

Сонымен қатар заңда креативті индустрия жұмыскерлерінің құқықтарын қорғаумен қатар, бірқатар әкімшілік процестер нақтыланған:

Шетелдік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін шараларды келісу тәртібі;

Фильмдерді прокатқа дейін сараптау және прокаттау куәлігінің мерзімін ұзарту ережелері;

Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін жалға беруді регламенттеу бар.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.