Алматының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленуде. Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.
Сырмақ дәстүрлі басу және тігу технологияларын сақтай отырып, толықтай қолмен сырылып жатыр. Ою-өрнектерде қазақы нақыштың классикалық үлгілері қолданылған.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін арттыруға және дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Сырмақты аяқтау 21 наурыз – Наурыз мейрамына жоспарланған. Осы күні туынды көпшілікке таныстырылады.