Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада халықаралық театр жобасының премьерасы өтті

Астанада халықаралық театр жобасының премьерасы өтті

Қазақстан, Ресей және Оңтүстік Корея актерлері Парижде өрбейтін драманы сахналады

QazMonitor Logo
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада Қазақстан, Оңтүстік Корея және Ресей театрларының бірлескен халықаралық жобасы – «Париждегі екі әйел» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды QazMonitor. Қазақстан тарапынан қойылымға Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртістері қатысты. Сонымен қатар Ресейдің Станиславский атындағы Электротеатры мен Оңтүстік Кореяның PIAC театрының актерлері де сахнада өнер көрсетті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Спектакльдің оқиғасы 1940-жылдары Парижде өрбиді. Сюжет корей халқының тұңғыш кәсіби суретшісі, тәуелсіздік жолындағы қозғалыс белсендісі На Хэ Сок пен Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы әдеби кейіпкер Раневская арасындағы диалогқа негізделген. Олардың символикалық кездесуі арқылы тарихи оқиғалар, тәуелсіздік үшін күрес және жауапкершілік сияқты тақырыптар қозғалады.

Айта кетейік, спектакльдің премьерасы 2025 жылы Сеулде өткен. Астанадағы қойылым Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.