Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды QazMonitor.
Жаңартылған жұмыс кестесі қала тұрғындары мен қонақтарына музейге кешкі уақытта және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта келуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта музейде 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Экспозицияда желбуаз, адырна, тұяқтас сияқты сирек кездесетін қазақ музыкалық аспаптары, сондай-ақ кең таралған домбыра, қобыз, сыбызғы көрсетілген.
Еске салсақ, бұған дейін музей сейсенбіден жексенбіге дейін 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін.