Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Сарайшық қалашығынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды

Сарайшық қалашығынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды

Көне қалашыққа келетін туристер саны артып келеді

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Сарайшық қалашығынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды

Атырау облысындағы көне Сарайшық қалашығынан археологтар Алтын Орда кезеңіне жататын 250-ге жуық жәдігерді тапты. Табылған заттардың ішінде бұрын-соңды кездеспеген бірегей бұйымдар бар, деп хабарлайды QazMonitor.

Зерттеу кезінде кешенге қарасты бес бірдей қалашық орнынан құнды артефактілер шыққан. Археологтар тек ұсақ жәдігерлермен шектелмей, XIV ғасырдың алғашқы ширегіне тиесілі тұрғын үйлердің іргетасын, цитадель (бекініс) бөліктері мен керуенсарайлардың құландыларын анықтады.

Музей-қорықтың бас инспекторы, белгілі археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша, былтыр 150-ден астам жәдігер табылған.

«Табылған жәдігерлер қатарында металдан, шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар бар. Соның ішінде ең ерекше жәдігер – XIV–XV ғасырларға тиесілі, Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып», деді Айбек Тұрарұлы.

Бүгінде Сарайшық тек қазба орны емес, заманауи туристік орталыққа айналып келеді. Мәселен, 2022 жылы кешенге 18 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 28 мыңға жеткен.

Қазіргі таңда кешендегі әрбір қазба орнында QR-кодтар орнатылған. Туристер смартфон арқылы тарихи нысан туралы толық деректі лезде ала алады. Келушілерге қолайлы болуы үшін жаяу жүргіншілер жолы салынып, реставрация жұмыстары қарқын алған.

Сонымен қатар жақын арада Сарайшық төрінде Қасым ханға арналған еңселі ескерткіш орнату жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.