Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Кинотеатрға кіру ақылы: Kinopark-тың заңсыз «жарнама бюджеті» әшкереленді

Кинотеатрға кіру ақылы: Kinopark-тың заңсыз «жарнама бюджеті» әшкереленді

Компанияның отандық режиссерлерге қойған талабы заңсыз деп танылды

QazMonitor Logo
Pavel Danilyuk /  pexels
Pavel Danilyuk / pexels

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды QazMonitor.

Тексеру барысында кинотеатрлар желісі отандық киноөндірушілерге фильмдерді прокатқа шығару үшін міндетті түрде жарнама бюджетін төлеу талабын қойғаны белгілі болды. Бұл талап орындалмаған жағдайда фильмдер көрсетілімге жіберілмеген.

Агенттік мәліметінше, мұндай тәжірибе бәсекелестікті шектеп, нарық қатысушыларының құқықтарын бұзған. Сонымен қатар, бұл талаптар отандық продюсерлердің кинопрокат нарығына кіруіне кедергі келтіріп, сала дамуын тежеген. Аталған фактілерге байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері туралы ресми хабарлама жолданды.

Хабарламаны қарау нәтижесінде компания анықталған бұзушылықтарды жойған. Атап айтқанда, міндетті жарнамалық шығындарды жүктеу тәжірибесі тоқтатылып, фильмдерді прокатқа шығару үшін талап етілетін «кіру төлемдері» алынып тасталды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта кинотеатрлар желісінде фильмдерді релиздер кестесіне енгізу, сеанстарды жоспарлау, прокат мерзімдерін белгілеу және көрсетілімнен алу шарттарын реттейтін ашық әрі бірыңғай регламент әзірленіп жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.