Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды. Салтанатты рәсімде Голлиивуд жұлдызы, әйгілі актер Джеки Чан жіберген символикалық уақыт капсуласы құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды QazMonitor.
Павильон аумағында түсірілетін алғашқы жоба – «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» (Доспехи бога 4: Ультиматум) фильмі түсіріледі.
Салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Джеки Чанның продюсері Ли Чиу Ва және «DALA EDGE» креативті және технологиялық индустриялар паркі, «Salem Entertainment» компаниясы басшыларымен меморандумға қол қойды.
«Біз ұлттық кодты соңғы цифрлық технологиялар жетістігімен үйлестіретін жаңа индустрияның іргетасын қалап жатырмыз. Жоба әлемге танымал мектептер, студиялармен бірлесе отырып іске асырылады. ...«Dala Stage Creative Tech Park» біздің мамандарға әлемнің үздік студияларымен тең дәрежеде сынға түсуге жағдай жасайды», деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жаңа павильонда түсірілетін алғагқы кинотуындындыда басты рөлді экшн жанрының жұлдызы Джеки Чан сомдайтын болады.
«Жарты жыл бұрын ғана біз осы жобаны жоспарлап, талқылаған едік. Ал бүгін сол келіссөздер шындыққа айнала бастады. Біз павильон құрылысының ауқымды түрде бастау алғанын көріп отырмыз, бұл, әрине, қуантады. Джеки Чан барша қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдап, осы жобаға өркендеу тілейді», – деді актердің продюссері Ли Чиу Ва.
Нысанның жалпы аумағы – 15 гектар, ауданы 3 000 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған.