Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Дания Корольдік театры Астанада концерт қойды

Дания Корольдік театры Астанада концерт қойды

Гала-концертте 10 нөмірден тұратын бағдарлама ұсынды

QazMonitor Logo
Фото: Мәдениет министрлігі
Фото: Мәдениет министрлігі

Әлемдегі ең көне әрі беделді театрлардың бірі саналатын өнер ұжымы Astana Ballet сахнасында классика мен заманауи хореографияны тоғыстырған 10 нөмірден тұратын бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды QazMonitor.

Бағдарламада Бурнонвиль мектебінің үлгісіндегі билерге ерекше мән берілді. «Жокейлер биі» мен «Брюггедегі кермесса» қойылымдары арқылы дат балетіне тән шапшаңдық, дәлдік пен сахнадағы жинақылық көркем түрде жеткізілді. Дәл осы нөмірлер кештің шырайын келтіріп, көрерменге дат балетінің өзіндік өрнегін айқын танытты.

Еуропадағы заманауи фламенконың танымал өкілі Селена Муньостың өнер көрсетуі кештің ажарын аша түсті. Оның сахнадағы биі бағдарламаға ерекше өң беріп, гала-концерт мазмұнын байытты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.