Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қарағанды облысында қымыз байқауы өтеді

Қарағанды облысында қымыз байқауы өтеді

Қарқаралыдағы гастрофестивальде елдегі ең үздік қымыз анықталады

QazMonitor Logo
Фото / Дмитрий Ерофеев
Фото / Дмитрий Ерофеев

Қарағанды облысында алғаш рет ұлттық тағамдарға арналған «BaiQymyz» өңіраралық гастрофестивалі өтеді, онда үздік қымыз анықталады, деп хабарлайды QazMonitor.

Фестиваль қымыз өндірушілерді, жылқы ұстаушыларды, қолөнершілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін бір алаңға тоғыстырады. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды өңірінің барлық ауданынан 30-ға жуық қымыз өндіруші қатысады деп жоспарланып отыр.

Фестивальдің басты оқиғасы — «Үздік қымыз» байқауы. Қатысушылар отбасылық мұра ретінде сақталған және өңірлік ерекшелікке негізделген қымыз түрлерін ұсынады. Жеңімпаздар бірнеше талап бойынша анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. Үш негізгі жүлделі орыннан бөлек, арнайы аталымдар да қарастырылған.

Ұйымдастырушылар қымыз дайындау дәстүрі арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі жылқы шаруашылығының айрықша орнын танытып, ауыл және агротуризмнің әлеуетін паш етпек.

Еске салсақ, былтыр «BaiQymyz» фестивалі алғаш рет Астанада ұйымдастырылып, 70 мыңға жуық көрерменнің басын қосқан болатын. Сол кезде қонақтарға 30 тонна қымыз ұсынылып, бұл көрсеткіш Қазақстан рекордтар кітабына енді. Биылғы этнофестиваль 6 маусым күні Қарқаралы төрінде өтеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.