Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматыда академиялық музыка фестивалі басталды

Алматыда академиялық музыка фестивалі басталды

Фестивальде әлемдік және қазақстандық премьералар орындалады

QazMonitor Logo
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ХХ ғасыр композиторларының туындылары мен заманауи музыкалық премьераларды тоғыстырған академиялық музыка фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды QazMonitor.

Биыл фестиваль Алматыда үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт ішінде жоба заманауи академиялық музыканы дамытуға және жаңа шығармашылық бастамаларды қолдауға арналған маңызды мәдени алаңға айналды.

Фестиваль 15 мамыр күні салтанатты түрде ашылды. Қанат Омаровтың жетекшілігімен Т. Әбдірашев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр әлемдік репертуардағы ең ауқымды әрі күрделі туындылардың бірі саналатын Густав Малердің №6 симфониясын орындады.

Фестивальдің келесі концерті 30 мамыр күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында өтеді. Кеш бағдарламасына Клод Дебюсси мен Бела Бартоктың шығармалары, сондай-ақ қазақстандық композиторлар Рахат-Би Әбдісағин мен Р. Ибрагимовтың «TAU» атты туындысының әлемдік премьерасы енгізілген.

«Фестивальдің мақсаты – көрерменді ХХ ғасыр композиторларының сирек орындалатын шығармаларымен таныстыру ғана емес, қазіргі композиторлардың еңбегін де насихаттау», – деді Қанат Омаров.

Кештің солисі ретінде халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Еркебұлан Сапарбаев өнер көрсетеді.

Спикерлердің айтуынша, фестиваль классикалық музыканы дәріптеумен қатар, қазіргі қазақстандық композиторлық мектепті қолдауға және жастардың академиялық өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған.

«Бағдарламада тың әрі тосын дүниелер көп. Кейбір шығармаларды қазақстандық көрермен алғаш рет естуі мүмкін. Фестивальдің басты миссиясы – тыңдарманды таңғалдыратын, көкжиегін кеңейтетін әрі әлемдік композиторлық мұрамен таныстыратын музыканы ұсыну», – деді Еркебұлан Сапарбаев.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.