Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада Creative Aimaq жобасы басталады

Астанада Creative Aimaq жобасы басталады

Жоба өңірлік креативті индустрияны танытуды көздейді

QazMonitor Logo
Cottonbro studio/Pexe
Cottonbro studio/Pexe

Астана қаласында өңірлік креативті индустрияларды дамытуға бағытталған Creative Aimaq жобасы бастау алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастыратын Creative Aimaq жобасы еліміздің өңірлік шығармашылық әлеуетін, жергілікті брендтер мен мәдени бастамаларды Астана тұрғындары мен қала қонақтарына кеңінен таныстыруға бағытталған.

Жоба аясында елордадағы Qazaq Creative Hub алаңында көрмелер, шеберлік сағаттары, мәдени бағдарламалар және жергілікті өндірушілердің өнімдерін таныстыру іс-шаралары өтеді.

Жобаның алғашқы аптасы Ақмола облысына арналады. 11-14 маусым аралығында өңірдің креативті индустрия өкілдері өз өнімдерін, авторлық жобаларын және шығармашылық жетістіктерін Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады.

Бүгінде Ақмола облысында креативті индустрия саласында 1 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан тіркелген. Өңірдегі неғұрлым дамыған бағыттардың қатарында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, компьютерлік ойындарды шығару, тоқыма және тігін өндірісі, ұлттық киім тігу, сондай-ақ кәдесый дайындау бар. Жоба аясында келушілер өңір шеберлері мен өндірушілердің бірегей өнімдерін сатып ала алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.