Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Ғабит Мүсірепов театры алғаш рет қойылымды онлайн форматта көрсетті

Ғабит Мүсірепов театры алғаш рет қойылымды онлайн форматта көрсетті

Бүгінде әлемдік театр тәжірибесінде онлайн көрсетілімдер кеңінен қолданылып келеді

QazMonitor Logo
Фото: Мәдениет министрлігі
Фото: Мәдениет министрлігі

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алғаш рет спектакльді тікелей эфирде көрсетті. Көпшілік театрдың ресми YouTube арнасы мен Instagram парақшасы арқылы «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын тамашалады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 

Бұл бастама театрдың цифрлық кеңістіктегі алғашқы қадамдарының бірі ретінде жүзеге асырылып, театр өнерін қалың көрерменге жақындатуды көздеді. Онлайн көрсетілім еліміздің әр өңіріндегі және шетелдегі көрерменге қазақ театр өнерімен танысуға мүмкіндік берді.

Бүгінде әлемдік театр тәжірибесінде онлайн көрсетілімдер кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, National Theatre Live пен TheatreHD жобалары театр өнерін цифрлық кеңістікке шығарып, аудиториясын кеңейте түсуге ықпал етеді.

Көрсетілімді ұйымдастыру барысында дыбыс пен бейне сапасына ерекше мән берілді. Бұл шығармашылық және техникалық ұжым үшін жаңа тәжірибе мен кәсіби ізденіске жол ашты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.