Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Катонқарағайдағы халықаралық фестивальге 50 мыңға жуық адам қатысты

Катонқарағайдағы халықаралық фестивальге 50 мыңға жуық адам қатысты

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі түркі халықтарының мәдени байланысын нығайтқан маңызды алаңға айналды

QazMonitor Logo
Фото: ШҚО әкімдігі
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Ауқымды мәдени шараға Қазақстаннан және бірқатар түркі мемлекеттерінен келген өнерпаздар қатысып, гала-концертті 50 мыңға жуық көрермен тамашалады, деп хабарлайды QazMonitor.

Фестиваль аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен қатар Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва және Қарақалпақстаннан келген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар өнер көрсетті.

Бағдарлама ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарды, театрландырылған қойылымдарды және қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған мәдени іс-шараларды қамтыды. Фестиваль күндері Алтай өңірі түркі халықтарының рухани байланысын нығайтатын халықаралық мәдени алаңға айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық фестиваль өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын шетелдік қонақтарға кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.