Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада 200-ге жуық оқушы «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады

Астанада 200-ге жуық оқушы «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады

Елордада Абай Құнанбайұлының күніне орай «қалалық музыкалық флешмоб өтті

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: Астанада 200-ге жуық оқушы «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады

Астанада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күніне орай «Ұлы дала әуені: Абайдың ән мұрасы» атты қалалық музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара аясында 200-ге жуық оқушы Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін бір мезгілде орындады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәдени іс-шара Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін ортақ шығармашылық алаңда біріктіруге бағытталды.

Іс-шара ашық аспан астында өтті. Әннің көпшілікпен бір мезгілде орындалуы ұлттық ән өнерінің байлығы мен құндылығын айшықтаған әсерлі музыкалық көрініске айналды.

Бірлескен өнер көрсету балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.