Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Астанада Абай күніне арналған онкүндік аясында жас суретшілер акциясы өтті

Астанада Абай күніне арналған онкүндік аясында жас суретшілер акциясы өтті

150-ге жуық оқушы ұлы ақынның шығармашылығынан шабыт алған туындыларын ұсынды

QazMonitor Logo
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Астанада 10 тамыз – Абай күніне арналған онкүндік мәдени іс-шаралар басталды. Оның аясында «Абай әлемі балалар көзімен» атты қалалық көркемсурет акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Іс-шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда өтті. Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен акцияға жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарының 150-ге жуық жас суретшісі қатысты.

Акция барысында балалар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, табиғат лирикасын, қара сөздерін және рухани мұрасын бейнелейтін суреттер салды. Қатысушылар өз жұмыстарында ақын әлемін шығармашылық тұрғыдан танытып, оның ұлттық руханияттағы орны мен тағылымын бейнелеу өнері арқылы жеткізуге тырысты.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар көпшілік назарына ұсынылады. Бұл бастама жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін танытуға ғана емес, Абайдың әдеби және рухани мұрасын кеңінен насихаттауға да мүмкіндік береді.

Көркемсурет акциясы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, көркемдік талғамын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға құрметін нығайтуға, сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын дәріптеуге және жас дарындарды қолдауға бағытталған.

Айта кетейік, іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қолдауымен өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.