Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Димаш Құдайберген мен Дима Билан өнер көрсетті

QazMonitor Logo
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда Кешілер күніне арналған мерекелік концерт соңғы жылдардағы ең ірі шаралардың біріне айналып, рекордтық көрсеткішпен 250 мыңға жуық көрерменді жинады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұқаралық мерекелік шаралар спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар түрінде серіктес қалалар – Саран, Абай және Шахтинскіде, сондай-ақ кеншілер кенттерінде де ұйымдастырылды.

Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жаңадан бой көтерген алаң өңір тұрғындарымен қатар, Қазақстанның өзге облыстарынан және шетелден келген қонақтардың басын қосты. Мерекелік концертті тамашалауға ТМД елдерінен, Ұлыбританиядан, Қытайдан, Италиядан, Испаниядан және басқа да мемлекеттерден көрермендер келді.

Қарағанды мұндай ауқымды шараны бұрын-соңды көрген емес: биіктігі 62 метрлік сахна, қуатты дыбыс жүйесі, жарық және мультимедиялық эффектілер көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Бір сахнада әлемге әйгілі өнер иелері Дима Билан, Димаш Құдайберген, сондай-ақ Қайрат Нұртас пен Қазақстанның өзге де танымал әншілері өнер көрсетті. Кештің шарықтау шегі жарқын мерекелік отшашумен түйінделді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.