Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Маңғыстаулық алты суретші Моңғолиядағы халықаралық арт-экспедицияға қатысты

Маңғыстаулық алты суретші Моңғолиядағы халықаралық арт-экспедицияға қатысты

Шығармашылық жоба аясында қазақстандық және моңғолиялық суретшілер кәсіби тәжірибе алмасты

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Маңғыстау облысының алты кәсіби суретшісі Моңғолияда өткен ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық арт-экспедициясына қатысты. Жоба көшпелі өркениеттің тарихы мен мәдениетін зерделеуге, суретшілер арасындағы халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды, деп хабарлайды QazMonitor.

Сапар барысында суретшілер Ұлан-Батыр қаласында, Тэрэлж ұлттық паркінде, Архангай аймағында, Орхон алқабында және Гоби шөлінде пленэр өткізді. Шығармашылық жобаға Моңғолияның кәсіби суретшілері мен халықаралық өнер қауымдастығының өкілдері де қатысты.

Пленэр кезінде қатысушылар Моңғолияның табиғатын бейнелеп, көшпенділер мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен және тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Бағдарлама аясында көркемөнер галереялары мен ұлттық музейлерге де барды. Қазақ және моңғол суретшілері шығармашылық ізденістерін ортаға салып, кәсіби тәжірибе алмасты.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.