Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматы циркінің артистері Ресейде алтын мен күміс жүлде иеленді

Алматы циркінің артистері Ресейде алтын мен күміс жүлде иеленді

Халықаралық жарысқа 18 елден цирк өнерпаздары қатысқан

QazMonitor Logo
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қазақ мемлекеттік циркінің өкілдері 2026 жылы қыркүйекте Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен халықаралық цирк өнері фестивальдерінде алтын және күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

10-13 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургтегі Чинизелли циркінің аренасында V Халықаралық «Без границ – 2026» цирк өнері фестивалі өтті. Оған 18 елден цирк өнері саласының 200-ден астам өкілі қатысты.

Фестивальдің алтын медалін Қазақ мемлекеттік циркінің «Номад» тобы иеленді. Топ ат акробатикасы мен каскадерлік өнер шебері Қанатбек Күнғожиновтың жетекшілігімен ат үстіндегі акробатикалық нөмірін ұсынды.

Сонымен қатар «Номад» тобы Ресей мемлекеттік цирк компаниясының арнайы жүлдесімен марапатталып, Мәскеуде өтетін «ИДОЛ-2027» халықаралық цирк өнері фестиваліне шақырту алды.

«Без границ – 2026» фестивалінің халықаралық қазылар алқасының құрамында Қазақстан атынан Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов болды.

Ал Мәскеудегі Цветной бульварында орналасқан Никулин циркінде IV Халықаралық «Артист» фестивалі өтті. Оған 17 елдің цирк өнерінің өкілдері қатысты.

Бұл байқауға Қазақ мемлекеттік циркінің артисі Элеонора Канахина қатысып, «Лунария» атты сым үстіндегі эквилибр нөмірін көрсетті. Өнерпаз байқау қорытынды бойынша күміс жүлдегер атанды.

Қазақ мемлекеттік циркінің артистері бір фестиваль кезеңінде екі халықаралық жүлдеге қол жеткізді: Санкт-Петербургте – алтын, Мәскеуде – күміс.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.