Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Түркістандағы халықаралық театр фестивалінде «Қарагөз» үздік классикалық спектакль атанды

Түркістандағы халықаралық театр фестивалінде «Қарагөз» үздік классикалық спектакль атанды

Қазақстандық жас әртістер Мұхтар Әуезовтің пьесасы негізінде қойылған спектакльмен алты елдің шығармашылық ұжымдары қатысқан фестивальде жеңіске жетті

QazMonitor Logo
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

5-8 қазан аралығында Түркістанда өткен ТҮРКСОЙ халықаралық студенттік театр фестивалінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері «Үздік классикалық спектакль» аталымын жеңіп алды. Қазылар алқасы Мұхтар Әуезовтің пьесасы негізінде сахналанған «Қарагөз» қойылымын жоғары бағалады.

Фестивальге Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркияның шығармашылық ұжымдары қатысты. Төрт күн бойы жас өнерпаздар өз қойылымдарын ұсынып, актерлік шеберлігін көрсетті. Сонымен қатар түркі елдерінің сахна өнеріндегі ерекшеліктерімен танысып, кәсіби тәжірибе алмасты.

«Қарагөз» спектаклін академияның «Драма театры және кино артисі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері сахналады. Қойылымның режиссері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали.

Халықаралық фестиваль түркі елдерінің жас театр әртістеріне шығармашылық тәжірибе алмасып, ұлттық сахна өнерін танытуға мүмкіндік берді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.