Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматыда жаңа форматтағы кітапхана ашылды

Алматыда жаңа форматтағы кітапхана ашылды

Кітапхана заманауи технологиялармен, кең кітап қорымен және инклюзивті ортаға бейімделген қызметімен ерекшеленеді

QazMonitor Logo
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталған кең кітап қорына ие. Мұнда жасы мен қызығушылығы әртүрлі оқырмандарға арналған оқу залдары, компьютермен жұмыс істеуге арналған арнайы аймақ, жеке оқу үшін тыныш кеңістіктер, сондай-ақ бірлескен кездесулер мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы алаңдар қарастырылған, деп хабарлады QazMonitor-ға Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кітапхананың басты ерекшеліктерінің бірі – ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған инклюзивті орта. Көру қабілеті төмен және зағип оқырмандар үшін Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен жабдықталған арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылған.

20 мыңға дейін кітапты қамтитын бай қорымен ерекшеленетін жаңа кітапхана алматылықтар үшін тартымды мәдени және білім беру орталығына айналмақ.

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 31 қалалық кітапхана қызмет көрсетеді, олардың үшеуі тәулік бойы оқырмандарға ашық.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.